Бизнестің қажеттіліктерін ескере отырып, кадрлық құрамның сапасын жақсарту үшін Bsgoil -де персоналды оқыту және дамыту процесі ұйымдастырылды, оның басты мақсаты қызметкерлердің қажетті құзыреттерін дамыту жолымен олардың қызметінің тиімділігін арттыру арқылы компанияның тұрақты табысын қамтамасыз ету болып табылады. Оқыту «Bsgoil дың» стратегиялық және ағымдағы мақсаттары мен міндеттері негізінде және «Самұрық-Қазына» АҚ тобының адами ресурстарды басқару жөніндегі корпоративтік стандартына сәйкес жоспарланады.
Bsgoil -нің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу шеңберінде HR саласындағы басым міндеттер жоғары білікті персоналмен қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай-газ химиясы, төменкөміртекті даму, цифрландыру, орнықты даму, көшбасшылық және қауіпсіздік мәдениеті бойынша бағыттарды қоса алғанда, серпінді мамандықтар бойынша қызметкерлерді қайта бейіндеу және олардың біліктілігін арттыру болып табылады.
«Bsgoil » тобы бойынша оқыту мен дамыту негізгі үш бағыт бойынша іске асырылады:
- - міндетті оқыту;
- - жоспарлы-кәсіптік оқыту;
- - жеке және іскерлік құзыреттілікті дамытуға бағытталған оқыту.
«Bsgoil » компаниясына қалай жұмысқа орналасуға болады?
Сәлеметсіз бе, құрметті өтініш беруші!
Сізге https://bsgoil-kz.com – онлайн «Samruk Qyzmet» бірыңғай рекрутинг платформасында тіркелуді және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының бос жұмыс орындарын қадағалауды ұсынамыз.
Bsgoil -де практикадан қалай өтуге болады?
Сәлеметсіз бе, құрметті студент!
«Bsgoil да» практикадан өту үшін біздің компанияның атына оқу орнының фирмалық бланкісінде ресми хат талап етіледі. Хатта студенттің толық аты-жөні, мамандануы/факультеті, оқу курсы, практика түрі мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
Бос жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеудің негізгі қағидаты персоналды тартудың ашық және айқын процесін қамтамасыз ету болып табылады. Кандидаттарды ішкі іздеу кезінде біз корпоративтік веб-сайтты қолданамыз - https://bsgoil-kz.com
Бұл ретте конкурсқа «Bsgoil » компаниялар тобының қызметкерлері ғана жіберіледі. Кандидаттарды сырттан іздегенде біз әртүрлі мамандандырылған интернет-ресурстарды пайдаланамыз және хабарландыруды https://bsgoil-kz.com – Samruk-Qyzmet бірыңғай рекрутинг платформасында орналастырамыз. Іріктелген кандидаттар тексеруге жіберіледі, бағалау рәсімдерінен және сұхбаттан өтеді, соның нәтижесінде түпкілікті кандидат іріктеледі.